Жаңалық

Оқу жылы онлайн форматта басталмақ

Бұл туралы білім саласына қатысты өткен брифингте аймақ басшысы Серікбай Трұмов айтты.

Жаңа оқу жылында екі мектеп (Маңғыстау ауданы Бекі селосы, Қарақия ауданы Аққұдық ауылы) дәстүрлі, ал қалған мектептердің барлығы қашықтықтан оқытылады. Осы 2 мектепте оқытуды барлық санитарлық талаптары орындалатын болады.

Мектеп оқушыларын қашықтықтан оқыту республикалық Ел Арна, Әл Фараби телеарналарынан телесабақтар көрсетіледі.

Білім беру процесін сапалы жүзеге асыру үшін оқушылар мен мұғалімдердің компьютерлер немесе ноутбуктерге және интернетке қолжетімділігі болуы үшін барлық елді мекен бойынша талдау жасалды. Нәтижесінде, мектептердегі 49652 оқушыда (20939 отбасы) компьютер құрылғыларына қажеттілік анықталды.

Компьютерлік құрылғылармен қамтамасыз ету үшін ҚР Үкіметіне жедел шығындарға арналған резервінен және жергілікті бюджеттен 30 641 дана компьютерлік құрылғылар сатып алынады.

Сонымен қатар мектептердің балансындағы 4850 компьютер оқушыларға пайдалануға беріледі. Ең алдымен компьютерлер аз қамтылған отбасылардың, жетім және ерекше білімді қажет ететін оқушыларға уақытша пайдалануға таратылып беріледі.

Сонымен қатар 400-ге жуық компьютерлік құрылғыны демеушілер, кәсіподақтар есебінен және «Мектепке жол» акциясы аясында алуды жоспарлап отыр.

Бұдан бөлек қашықтықтан оқыту кезінде білім беру платформаларының кедергісіз жұмыс жасауы үшін 4 серверлік құрылғы сатып алуға 12,0 млн. тг. қаржы бөлінді.

Карантин шаралары жеңілдетіліп оқушылар дәстүрлі оқытуға көшкен кезде мектептердегі қатаң санитарлық талаптарды сақтау үшін дезинфекциялық тоннельдер, кварцтар, санитайзерлер, тепловизорлар және т.б. арнайы құрылғылармен жабдықталады.

Интернетпен қамту бойынша да облыс бойынша аудан, қалалар, елді мекендер бойынша талдау жасалды.

Нәтижесінде 36 219 баланың (14 244 отбасы) үй жағдайында интернетке қосылу мүмкіндігі төмендігі анықталды.

Интернет жылдамдығы 17 елді мекенде 4 мб/с төмен. Екі елді мекенде (Маңғыстау ауданы, Бекі ауылы, Қарақия ауданы, Аққұдық ауылы) интернет жоқ (53 оқушы, 15 мұғалім тұрады).

Интернетпен қамту жұмыстарын білім басқармасы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы, қала, аудан, ауыл әкімдері, интернет тарататын байланыс компанияларымен бірлесіп мамыр айынан бастап жұмыстар жүргізіп жатыр. Бұл мәселе күнделікті бақылауда, 25 тамызға дейін жұмыстар аяқталады.

Облыс әкімі сұрақ жауап бөлімінде журналистерден келіп түскен өзекті мәселелерге жауап берді. «Карантиндік шектеулер аяқталғаннан кейін мектепке дейінгі ұйымдардан кезекші топтар ашыла ма?» – деген сауалға С.Трұмов шектеу мерзімі аяқталғаннан кейін өңірдегі эпидемилологиялық ахуалдың тұрақтылығы мен ауру таралуының деңгейі азайған жағдайда комиссия отырысында кезекші топтар ашу мәселесі қаралатын айтты.

«Бірінші сынып оқушыларына арналған жұмыс дәптерлері жиынтығының бағалары 6-7 мың теңгенің жобасында. Оны сатып алуға карантинге байланысты жұмыстан шығып қалған ата-аналардың жағдайы көтере бермейді. Осы орайда 1 сыныптардың оқушыларына жұмыс дәптерлері алып беріле ме?» – деген сауалға аймақ басшысы биылғы күрделі жағдайды ескере отырып, бірінші сынып оқушылары толықтай жұмыс дәптерлерімен бюджет есебінен қамтамасыз етілетінін жеткізді.

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button