Жаңалық Редакция таңдауы

Оқу жылы 2025 жылдан бастап ұзарады - Тамара Дүйсенова

Премьер-министрдің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қолдау министрі Тамара Дүйсенова оқу жылының ұзақтығы 25 мамырға қайта ауысатынын мәлімдеді.

Оқу жылының ұзақтығына қатысты өз ойымды айтқым келеді. Осы мәселеге қатысты қоғамда түрлі пікірлер болды. Педагогикалық қауымдастық ұсыныстарын да айтты. Бұл әлемдік тәжірибе екенін мойындау керек. Алайда мұндай өзгеріске тыңғылықты дайындалу керек. Менің ойымша, министрліктің шешімі дұрыс болды, бірақ асығыс қабылданды. Осыған байланысты келе жатқан оқу жылын 34 апталық оқу жылына қайтарып, сабақты 25 мамырда аяқтау дұрыс деп есептеймін, – деді Дүйсенова тамыз кеңесінде.

Сондай-ақ оқу жылының ұзақтығы 2025 жылдан кейін жүзеге асырылатынын айтты.

Осы оқу жылынан бастап оқу ұзақтығын 36 апталық оқу жылына 2025 жылдан кейін ауысуға дайындық жүргізуді бастауды тапсырамын. Соның ішінде оқу бағдарламаларын соған сәйкес дайындау қажет, – деп тапсырма берді ол әріптестеріне.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button