Оқушылар білу керек!
Алматыдағы Ұлттық кітапханада Әл-Фарабидің 1150 жылдығына орай ғылыми зерттеу орталығы ашылды.
Мақсат – әлемге әйгілі ойшыл, матиматик, энциклопидист-ғалымның рухани мұрасын ұлықтау және көпшілікке кеңінен тарату. Салтанатты ашылу рәсіміне белгілі ғалымдар, жазушылар, мемлекет және қоғам қайраткерлері, шет елдердің Бас консул өкілдері қатысты.
Алматыдағы Ұлттық кітапханада әлемнің екінші ұстазы Әл-Фарабидің 5 мыңнан астам еңбегі мен қолжазбалары сақталған. Бүгінгі ашылған ғылыми-кешенге соның мыңнан астамы қойылды. Мұнда келген көпшілік оқырман, Әл-Фарабидің 3 тілде 100-ден астам трактаттарын таба алады. Өкініштісі сол, кітапханада ол еңбектердің тұпнұсқасы жоқ. Қазір оны елге алдыру мақсатында ғалымдар экспедициялық жұмыстар жүргізіп жатыр.
Халық жазушысы Олжас Сүлейменовтың айтуынша: «Әл-Фараби құрдымға кетіп бара жатқан ежелгі грек мәдениетін өзінің құнды еңбектері арқылы сақтап қалған. Ол еңбегін араб тіліне аударған. Солай парсы, грек тілдеріне аударылып таралып кете берді. Мұны студенттеріміз бен оқушыларымыз білуі қажет».
Сөрелер әл-Фарабидің құнды кітаптарына толған, ол туралы естеліктер мен айтылып жатқан еңбектері, тіпті ғұламанның бейнесіне енген актер де табылды. Көрініске қарап-ақ, әл-Фарабидің ортамызға өзі оралғандай ма дерсің. Шараға келген қоғам қайраткерлері орталықтың көпшілік үшін маңыздылығын атап өтті. Ұлттық кітапхана қызметкерлері ұлы ғалымның мерейтойына орай биылғы жылдың сәуір айында Санкт-Петербург қаласына барып, сол жақтағы ғалымның құнды дүниелермен танысып келеді. Ондағы мақсат – Әл-Фарабидің жұмыстарын екі жақтап қолдау, жас буынға ұлы ғалымның әлем биік бағалаған еңбектерін көрсету.
Алматы қаласы,
«Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі