Жаңалық

Оқушылардың арасында үздік математиктер анықталды

Дарынды балаларды қолдау мақсатында «Бастау» VIII облыстық математикалық турнирі өткізілді. 

Пандемияға байланысты турнир қашықтықтан Google платформасында ұйымдастырылды. Оқушылар математика пәнінен тест орындады, әр сынып үшін 20 сұрақ (орындау уақыты 60 минут) дайындалды.

«Облыстық турнирге мамандандырылған мектептерден 115 оқушы, жалпы білім беретін мектептерден 8 оқушы және Павлодар қаласының қалалық турының 39 жеңімпаз қатысты. Тур қорытындысы бойынша қала мектептерінің 7 оқушысы жүлделі орындарға ие болды», – дейді қалалық білім беру бөлімінде.

І орынды 2 сынып оқушылары арасында №25 мектеп оқушысы Жұман Арон, ІІ орынды № 6 ЖОМ оқушысы Туртугулов Арслан және № 35 ЖОМ оқушысы Исамбаев Карим иеленді.

І орынды 3 сынып оқушылары арасында № 37 ЖОМ оқушысы Балтабай Аиша мен № 39 ЖОМ оқушысы Власов Роман еншіледі.

ІІІ орынға 4 сынып оқушылары арасында № 1 мектептің оқушысы Жәнібекұлы Бердібек және № 23 ЖОМ  оқушысы Кирилл Қабанов ие болды

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер  «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының I, II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталады. Турнир жеңімпаздары ағымдағы жылдың маусым айында өтетін республикалық кезеңге өтеді.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button