Жаңалық

Оралда «100 жаңа оқулық қазақ тілінде» атты тақырыпта басқосу өтті

Елбасының «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» атты бағдарламалық мақаласындағы «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасына жастарды көптеп тарту мақсатында, Оралдық ғалымдар мен белсенді жастар аталмыш тақырыпта бас қосты.

Жиынның негізгі мақсаты – қазақ тіліне аударылған оқулықтарды ел арасында кеңінен насихаттап, сапалы оқырмандар қатарын молайту болып табылады.

Әрине, Елбасының бұл жобаға қатысты «әлемнің үздік 100 оқулығын қазақ тіліне аудару өз нәтижесін 5-6 жылдан кейін-ақ бере бастайды» дегеніне орай, алдағы уақыттa студенттердің білім деңгейі артып, жаһандық бәсекеге қабілетті мамандарды даярлауға зор мүмкіндік тумақ. Сондықтан да 2018-2019 оқу жылында аудырылған оқулықтарды студенттер мен қалың оқырмандар арасында оқыту жұмыстары қолға алынған.

Әзірге «100 оқулықтың» 18-і аударылып, тұсауы кесілді. Сонымен қатар, оқулықтарды насихаттау жұмыстары да жүргізіліп келеді.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button