Жаңалық Редакция таңдауы

Оразадағы 99 шақырым

Рамазан айының соңғы күні және Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесінде «Оразадағы 99 шақырым» велошеруі өтеді. Веломарафон Нұр-Сұлтан қаласының айналасындағы айналма тас жолды толық жүріп өту арқылы орындалады. Қашықтығы – 99 шақырым.

Велошеру соло (solo) тәсілінде, яғни бір ғана адам қатысады.

Қатысушы Ернат Мелсұлы – әуесқой велошабандоз, ағылшын тілінің оқытушы-аудармашысы, Хабар 24 арнасында шетелдік шолушы, «Толық адам және 4 даму жобасының» авторы.

Велошеру Әзірет Сұлтан мешітінің алдынан бастау алады. Нақты мекенжайы: Тәуелсіздік даңғылы, 48. Бұл бастамаға «Ислам – бірлік пен ынтымақ діні» жылы аясында Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы қолдау көрсетіп отыр.

Велошеру нәтижесі – қашықтығы, уақыты және басқа мәліметтер Relive, Strava, Samsung Health ұялы қосымша бағдарламалары арқылы тіркеледі. Жол бағдарын Strava бағдарламасынан онлайн бақылап отыру және YouTube-тегі Ernat Melsuly арнасы арқылы тікелей эфир (streaming) жасау мүмкіндігі қарастырылған.

Велошеру бағдары:

  1. Сөре Әзірет Сұлтан мешітінің алдында басталады;
  2. Рақымжан Қошқарбаев даңғылының бойымен жалғасады;
  3. Абылай хан даңғылына оң жаққа түседі;
  4. «Астана-Қарағанды» тас жолымен жалғасады;
  5. Оңға, әуежай жаққа айналма тас жолға түседі;
  6. Айналма жолмен астананы айналып шығады;
  7. Оң жаққа «Астана-Қарағанды» тас жолына түседі;
  8. Абылай хан даңғылымен жалғасады;
  9. Сол жаққа Рақымжан Қошқарбаев даңғылына түседі;
  10. Мәре Әзірет Сұлтан мешітінің алды.

Бәрі ойдағыдай өтсе, ас-су ішпей-жемей өткізілген веломарафон ретінде Қазақстанның алғашқы рекорды болып тіркеледі. Рекордты Қазақстан рекордтар кітабының Нұр-Сұлтандағы ресми өкілі Қуандық Құдайбергенов тіркейді және Қазақстанның алғашқы рекорды сәтті орнағанына орай арнайы Куәлік тапсырады.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button