Оразадағы 99 шақырым
Рамазан айының соңғы күні және Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесінде «Оразадағы 99 шақырым» велошеруі өтеді. Веломарафон Нұр-Сұлтан қаласының айналасындағы айналма тас жолды толық жүріп өту арқылы орындалады. Қашықтығы – 99 шақырым.
Велошеру соло (solo) тәсілінде, яғни бір ғана адам қатысады.
Қатысушы Ернат Мелсұлы – әуесқой велошабандоз, ағылшын тілінің оқытушы-аудармашысы, Хабар 24 арнасында шетелдік шолушы, «Толық адам және 4 даму жобасының» авторы.
Велошеру Әзірет Сұлтан мешітінің алдынан бастау алады. Нақты мекенжайы: Тәуелсіздік даңғылы, 48. Бұл бастамаға «Ислам – бірлік пен ынтымақ діні» жылы аясында Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы қолдау көрсетіп отыр.
Велошеру нәтижесі – қашықтығы, уақыты және басқа мәліметтер Relive, Strava, Samsung Health ұялы қосымша бағдарламалары арқылы тіркеледі. Жол бағдарын Strava бағдарламасынан онлайн бақылап отыру және YouTube-тегі Ernat Melsuly арнасы арқылы тікелей эфир (streaming) жасау мүмкіндігі қарастырылған.
Велошеру бағдары:
- Сөре Әзірет Сұлтан мешітінің алдында басталады;
- Рақымжан Қошқарбаев даңғылының бойымен жалғасады;
- Абылай хан даңғылына оң жаққа түседі;
- «Астана-Қарағанды» тас жолымен жалғасады;
- Оңға, әуежай жаққа айналма тас жолға түседі;
- Айналма жолмен астананы айналып шығады;
- Оң жаққа «Астана-Қарағанды» тас жолына түседі;
- Абылай хан даңғылымен жалғасады;
- Сол жаққа Рақымжан Қошқарбаев даңғылына түседі;
- Мәре Әзірет Сұлтан мешітінің алды.
Бәрі ойдағыдай өтсе, ас-су ішпей-жемей өткізілген веломарафон ретінде Қазақстанның алғашқы рекорды болып тіркеледі. Рекордты Қазақстан рекордтар кітабының Нұр-Сұлтандағы ресми өкілі Қуандық Құдайбергенов тіркейді және Қазақстанның алғашқы рекорды сәтті орнағанына орай арнайы Куәлік тапсырады.