Жаңалық

Оразкүл Асанғазы тұсау кесті

Шымкент қаласы салт-дәстүр орталығы мен «Рухани жаңғыру» бөлімінің қызметкерлері Наурыздың алғашқы күні – «Көрісу күнін» ерекше көңілмен өткізді.

13 наурызда орталықта қоғам қайраткері Оразкүл Асанғазы қонақты болды. Құтты қонақ «Бір жасың құтты болсын!» деген мерекелік тілек-батасын жеткізді. Сондай-ақ ол Шымкент қаласының кішкентай тұрғынының тұсауын кесті.

Қонаққа ақ дастархан жайылып, тәтті бауырсақ ұсынылды. Халықаралық, республикалық ақындар айтысының жеңімпазы Нұрлан Есенқұлов қазақтың қара домбырасын қолға алып, көрісу күнін жырларына арқау етті. Жаңа жылдан жақсылық тілеп, ниеттенген көпшілік өнерпаздарға қолдау көрсетіп отырды. Келген қонақ жиналған қауымға Көрісу күнінің мән-мағынасын жете түсіндіріп, ақ батасын берді.

Шымкент қаласы,

«Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button