Жаңалық Редакция таңдауы

Орыс лицейлерінің оңтүстік өңірлерде ашылуы Қазақстан үшін әлдеқайда тиімді - Әбішев

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Известия» газетіне берген сұхбатында Қазақстан-Ресей бірлескен білім беру мекемелерін ашу жөнінде келіссөздер жүргізіліп жатқаны туралы айтты.  Осы мәселеге қатысты саясаттанушы Ғазиз Әбішев өз Telegram каналында пікір білдірді, деп хабарлайды Ruh.kz.

Әңгіме оңтүстік қалаларда физика-математика лицейлері филиалдарын ашу туралы болса керек. Қазақстанда демографиялық өсім көрсеткіші артуына байланысты мектептер саны жеткіліксіз болып отырғаны белгілі. Бұл жағдайда әрбір қосымша білім беру мекемелерінің салынуы аса маңызды, – деп жазған Telegram каналында.

Әбішев осыдан бір-екі жыл бұрын кейбір саяси шенеуніктердің оңтүстік өңірлердегі білім сапасы, оның ішінде жаратылыстану ғылымдары бойынша өзге өңірлерден артта қалып отыр деген мәлімдемелерін еске түсіріп, осы тұста “олардың айтқандары шындыққа жанасса ше?” деген сұрақ төңірегінде ой қалдырған. 

Әрине, орыс лицейлері өз бағдарламаларын ҚР Оқу-ағарту министрлігі тәртібіне сай жүзеге асыратын болады және міндетті түрде қазақ тілі, қазақ әдебиеті және Қазақстан тарихы пәндерін енгізеді, – делінген.

Сонымен қатар орыс лицейлері филиалдарының оңтүстік өңірлерде орналасуы Қазақстан үшін әлдеқайда тиімді екенін жазған.

Бұл лицейлердің ашылуы Қазақстан Республикасының шегінен кетуге тілек білдірушілер қатарын азайтады деген пікір бар. Оның үстіне, гипотетикалық тұрғыда мұндай лицейлер Шымкентте және/немесе Таразда салынып, олар қосымша инфрақұрылымға ие болса, белгілі бір дәрежеде көршілес елдерден (Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан) дарынды оқушыларды тарта алады. Бұл Қазақстан үшін көршілерімен қарым-қатынас орнатудың тиімді құралы болуы мүмкін.

Иә, тиісінше Қазақстан Ресей Федерациясындағы этникалық қазақтардың ықшам тұратын жерлерінде кедергісіз қазақ тілінде білім беретін орта мектептер мен қазақ тілі курстарын ашу мүмкіндігіне ие болуы керек, – деп жазды саясаттанушы Ғазиз Әбішев Telegram каналына.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button