Нұр-Сұлтан қаласы

ОТАН-АНА» – ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАРҒА

«Отан-ана» – екінші дүниежүзілік соғыста қаза тапқан майдангерлерге және отан қорғаушыларға арналған монумент.

«Отан қорғаушылар» мемориалы  2001 жылы Нұр-Сұлтан қаласында ашылды. «Отан Ана» монументі – қаһарлы соғыс жылдары майданда ел бостандығы үшін мерт болған жауынгерлер мен арамызда үлгі-өнеге болып жүрген соғыс ардагерлеріне деген ерекше құрмет белгісі. Мемориалдың символикалық мазмұны кешегі, бүгінгі және ертеңгі ұрпақтар жалғастығын білдіреді. Оның өзегі – алып монумент – ана бейнесі. Ақ кимешекті ана алтын зерлі кесесіне ақ құйып, ұлттық дәстүрге сай оны келе жатқандарға қос қолдап ұсынуда. Қоладан құйылған ескерткіштің ұшар басында 121 алтын масақтан тұратын нысан – Қазақстан ұлыстарының береке-бірлігінің нышаны. Масақтардың іргесі қазақ жерінде әр ұлттың рухани және мәдени мұрасын бейнелейтін ою-өрнектермен безендірілген. Бұл – жаңа өмір, бейбітшілік, молшылық пен тұрақтылықтың белгісі.

Мұндағы тағы бір ерекше көңіл аударатын тұс – жер шарының бейнеленуі. Қырық метрдей қола бағанның екі жақ қапталының бірінде ата-бабаларымыздан қалған кең-байтақ мекенімізді әртүрлі басқыншылардан қорғаған хас батырлар, екінші жағында Отан соғысы жылдары ерлік көрсеткен қазақстандық әскерилер бейнеленген.

Сілтеме: www.kieliqazaqstan.kz

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button