Жаңалық
Редакция таңдауы
«Отандастар қоры» шетелдегі қазақ балаларына ана тілін үйретеді
Бұл жобаның басты мақсаты – әлемнің әр түкпірінде тұратын қазақтардың ана тілімізде әңгімелесетін ортасын қалыптастыру.
Жоба қатысушылары қазақ тілінде сөз саптап, сөйлем құрауды үйренеді. Бұдан бөлек, ұлттық салт-дәстүр мен ұлы тұлғалар туралы ақпаратқа қанығады. Күн сайын түрлі тақырыптар талқыланады. Осылайша, әлемнің әр жерінде жүрген қазақ балаларын бір алаңға топтастырып, бір-бірімен достасуларына да мүмкіндік жасалады.
Осыған орай «Отандастар қоры» шетелде тұратын қазақ балаларына ана тілімізді үйрету үшін мектеп жасындағы оқушылар мен ұлтжанды жастарды жобаға атсалысуға шақырады.