Отбасы институтын зерттеу нәтижелері қандай?
Отбасы күні аясында «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институтының құрамындағы Отбасы институтын зерттеу орталығы арнайы зерттеу нәтижелерімен бөлісті.
«Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институтының зерттеулері көрсеткендей қазақстандықтардың көпшілігі үшін отбасы – өмірдің мәні. Қазақстанда Отбасы күні үлкен маңызға ие. Ол қоғамның күрделі және маңызды істеріне назар аударуға мүмкіндік береді. Өйткені, отбасы – өмірдегі басты құндылық. Тек жақын туысқандар ғана қиын сәттерде тірек болып, болашаққа деген сенімді нығайтады», – дейді Отбасы институтын зерттеу орталығының басшысы Айгүл Рақышева.
Айгүл Рақышеваның айтуынша Отбасы институтын зерттеу орталығы биыл «Қазақстан Республикасындағы отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл туралы» ұлттық баяндаманы дайындаумен айналысып жатыр. Сонымен қатар, институт сандық және сапалық әдістер негізінде әлеуметтік зерттеулер жүргізген:
- «Ажырасулар және олардың салдары»;
- «Ата-ана болу модельдері және ата-ана әлеуеті»;
- «Ауыл отбасының әлеуметтік портреті»;
- «Қазақстан Республикасындағы отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық проблемаларын зерттеу».
«Ата-ана әлеуеті» жобасы
Институт жүргізген зерттеулердің бірі «Ата-ана мен ата-ананың әлеуеті» жобасы. Аталған зерттеу жұмысы аясында сарапшылық сауалнама жүргізілді. Сарапшы ретінде тәрбие, психология, педагогика, отбасылық саясат және отбасылық өзара қарым-қатынас саласындағы мамандар қатысты. Яғни, ата-ана әлеуетін іске асыру мен ынталандырудың қазақстандық және халықаралық тәжірибесі зерделенді.
«Жалғызбасты отбасылар үшін ата-ананың төрт модель ерекшеленеді: балаларды туыстарының көмегінсіз және туыстарының көмегімен тәрбиелеп отырған жалғызбасты ана, балаларды туыстарының көмегінсіз және туыстарының көмегімен тәрбиелеп отырғанжалғыз басты әке», – деп толықтырды орталық басшысы.
Бала тәрбиесінде әке рөлін арттыру үрдісі байқалады
Сарапшылық сұхбаттар мен сандық деректерді талдау негізінде Қазақстандағы ата-ана дамуының оң да, теріс те үрдістері анықталған. Осылайша, оң үрдістерге аға ұрпақтың (ата-әжелер) бала тәрбиесіне қатысуы, туудың жиынтық коэффициентінің өсуі, адамдардың бала тәрбиесіне әкенің рөлін арттыруға назар аударуы, тәрбиелеуге қатысатын әке болу, ата-ана міндеттерін тиісінше орындамау жағдайларының төмендеуі жатады.
Зерттеу ата-ана әлеуетін іске асырудағы кедергілерді анықтады. Бұларға: экономикалық, құндылық-нормативтік, ақпараттық, институционалдық, психологиялық және әкімшілік-құқықтық кедергілер жатады. Бұл ретте кедергілердің түрлері бойынша сарапшылар ата-ана әлеуетін іске асыру шарттарын шешу және жақсарту жолдарын ұсынып отыр.
Айгүл Рақышева келтірген дерек бойынша, 2020 жылы Қазақстанда ажырасу саны азайған. Сондай-ақ некелесу деңгейі 2019 жылмен салыстырғанда төмендеген. (1000 адамға шаққанда тіркелген жұптар санының 7,39-дан 6,82-ге дейін төмендеген). Мамандар бұл үрдісті бейресми некелердің танымалдылығымен, сондай-ақ коронавирус пандемиясынан туындаған жағдайлармен байланыстырады