Отбасы күніне орай фотобайқау басталды
Бүгінде әлеуметтік желі ақпарат құралынан бөлек ауқымды мәдени-әлеуметтік алаңға айналды. Осы ретте «Рухани жаңғыру» казақстандық қоғамдық даму институты» отбасы мерекесі қарсаңында әлеуметтік желіде фотобайқау жариялайды.
«Жастардың басым бөлігі әлеуметтік желіде отырады. Дегенмен, пайдалы контент әлі де жетіспейді. Әлеуметтік желіде отбасы құндылықтарын, ата-анамен баланың қарым-қатынасы, отбасылық махаббат сынды ізгі дүниелерді насихаттаудың пайдасы мол. Қазір қоғамда ата-ананың бала тәрбиесіне көңіл бөлуге уақыты жетпей жатады. Сондықтан, әлеуметтік желіде көпшілікті қамтитын отбасылық фотобайқау ұйымдастыру тек жастарға ғана емес, ата-аналарға да әсер етері сөзсіз», дейді ұымдастырушы тарап.
Фотобайқауға 14-45 жас аралығындағы ел азаматтары қатыса алады. 10 қыркүйекке дейін әлеуметтік желіде #меніңотбасым, #әкемменбірге, #меніңанам, #руханижаңғыру, #ұлттықтәрбие тақырыптары бойынша үш немесе одан да көп отбасылық фото жүктеліп, қатысушы өзінің отбасы жайлы ең қызықты, жүрекжарды оқиғасын бөлісіп, ата-анасына, баласына шынайы сезімін білдіруі тиіс. Отбасылық суреттің сапасы жақсы, посттың мазмұны мағыналы, көпшілікке ой саларлық болуы керек. Пост әке мен ананың мейірімін насихаттап, отбасылық береке-бірлік көрсетілуі тиіс.
Үздік фотолар мен үздік отбасылық оқиғаны таңдау үшін институт тарапынан коммисия құрылады. Коммисия жоғарыдағы 5 хэштег арқылы байқау жеңімпаздарын анықтайды. Фотобайқауға ақпараттық қолдау көрсетуге өңірлік жобалық офистер тартылады. Сондай-ақ, үздік фото мен үздік отбасылық оқиғаны жариялаған 3 жеңімпазға бағалы сыйлық (ноутбук) табысталады. Байқау шарты Ruh.kz әлеуметтік желілерінде көрсетілген.
Отбасылық фотобайқауға қатысып, жаңа оқу жылына жаңа ноутбук ұтып алыңыз.