Жаңалық Редакция таңдауы

Отбасын қолдау орталықтарына арналған бірыңғай Тұжырымдама жасалып жатыр - Балаева

Үкімет отырысында Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу жөніндегі ведомство қабылдап жатқан бірқатар шараларға тоқталды, деп хабарлайды Ruh.kz.

Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Соңғы төрт жарым жылда тұрмыстық зорлық-зомбылық салдарынан 869 адам қаза тауып, 2086 адамның денсаулығына ауыр зиян келтірудің жағдайлары тіркелген. Бұл статистика үлкен алаңдаушылық тудырады, – деп атап өтті министр.

Министрлік профилактикалық іс-шараларды кешенді түрде өткізуге ерекше назар аударады. Осылайша, Қазақстанда зардап шеккендерді  қолдайтын 68 орталық жұмыс істейді, оның 19-ында уақытша тұруға болады. Психологиялық, әлеуметтік және құқықтық көмекпен қатар орталықтардың мамандары Отбасы институтын нығайтуға жан-жақты қолдау көрсетеді. Мәселен, биылғы жылдың басынан бері 100 мыңнан астам кеңес берілген.

Сондай-ақ агрессорлармен психологиялық жұмыс жүргізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Оның мақсаты отбасыларды сақтау және тұрмыстық қылмыстар санын азайту. 16 қазаннан бастап республикада отбасы, әйелдер және балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша 111 бірыңғай мемлекеттік байланыс орталығы іске қосылды. Бұл арқылы зардап шеккендерге жедел түрде құқықтық, психологиялық және консультациялық көмек көрсетіледі.

Бақытты қазақстандық отбасы» интерактивті құралы әзірленді. Бұл интерактивті құрал некеге тұрған ерлі-зайыптылардың  отбасылық оң дәстүрлер мен рухани-адамгершілік құндылықтарды сақтау мәселелері бойынша хабардар болуын  арттыруға бағытталған. «Бақытты қазақстандық отбасы» интерактивті нұсқаулығы «Электрондық үкімет» жүйесінде тақырыптық бейнеролик түрінде орналастырылады және некені онлайн тіркеуге өтініш берген азаматтар үшін міндетті нұсқаулық болады, – деп толықтырды Аида Балаева.

Үкімет отырысының қорытындысы бойынша 2025 жылға дейін әр сала бойынша балаларға арналған психологиялық қолдау орталықтарын ашу жоспарын әзірлеу және бекіту; отбасын қолдаудың жаңа орталықтары мен наркологиялық мекемелердің ашылуын қамтамасыз ету, психотерапевтер мен наркологтарды даярлауға мемлекеттік тапсырысты ұлғайту мәселесін пысықтау; сондай-ақ, тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жауапкершілікті қатаңдату жөнінде қабылданған түзетулер бойынша кең түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру тапсырылды.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button