Жаңалық Редакция таңдауы

Отбасындағы зорлық-зомбылық: биыл елімізде 25 бала көз жұмды

Екібастұздағы жеті жасар қыздың өлімінен кейін Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева Қазақстанда биылдың өзінде 25 бала қайтыс болғанын, оның алтауы жақын адамдарының қолынан қаза тапқанын айтты, деп хабарлайды Ruh.kz.

Фото: liter.kz

Бүгін қайтыс болған жеті жасар қыз табылды. Қылмысқа күдікті – баланың анасы, алдын ала мәліметтер бойынша, мойындаған. Осы отбасының басқа балалары Балаларды қолдау орталығына орналастырылады, – деп жазды Закиева Instagram-да.

Оның айтуынша, мұндай қорқынышты салдарлар көбінесе қиындықтарға, есеп-қисапқа, алкогольге және ұрып-соғуға байланысты орын алып отыр. Сондай-ақ ол осындай ақпараттарды естіп, көріп қалған жағдайда кұзырлы органдарға хабарлау арқылы біреудің өмірін сақтап қалуға шақырды.

Жедел-іздестіру іс-шаралары кезінде 70% жағдайда біреу бір нәрсені анық көріп, біліп, бірақ ол туралы хабарламаған, араласқысы келмеген, қорқып кеткені анықталады. Осындай қорқынышты зардаптар мен зорлық-зомбылықтың алдын алудың бір жолы – біздің қатысуымыз. Балалардың қауіпсіздігіне қауіп төнген фактілерді көрсеңіз, естісеңіз, білсеңіз, “111” немесе “102” нөмірлеріне хабарласыңыз, – деп жазды.

Сонымен қатар “Бала қауіпсіздігі туралы” заң жобасында қарастырған заңнамалық өзгерістер маңыздылығы туралы атап өтті.

Президенттің тапсырмасы бойынша біз мемлекеттік органдармен және депутаттармен бірлесіп әзірлеген “Бала қауіпсіздігі туралы” заң жобасында қарастырған заңнамалық өзгерістер өте маңызды. Өзгерістер туралы мен бұған дейін жазған едім, ең маңызды түзетулердің бірі – балаларға қатысты жасалған зорлық-зомбылық, ұрып-соғу, денсаулыққа зиян келтіру үшін қылмыстық жауапкершілік (қылмыстық), өйткені жазаның бұлтартпастығын қамтамасыз ету арқылы біз ауыр зардаптардың алдын аламыз, – деп атап өтті Динара Зәкиева.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button