Жаңалық

Өз мүмкіндігіңнің шегінен шық!

Әрбір адамда жетістікке бастар жол секілді түрлі мүмкіндіктер болады. Тек қана оны уақытында байқап, дұрыс бағытта қолдана білген жөн. Сол кезде тасың өрге домалап, жетістікке жететін даңғыл жолға түспексің.

Адам мүмкіндігі шексіз! Иә, шексіз! Тек адам санасын жаулап алған еріншектік пен жалқаулық, кертартпалық секілді кереғар қасиеттер шексіз мүмкіндіктерді пайдалануға ырық бермейді. Міне, бар кедергі – осы.

Демек, бізге өз мүмкіндігім деп ойша белгілеп алған меженің шекарасын бұзып, өзімізді түрлі бағыттарда сынап көруіміз керек. Сонда ғана сансыз мүмкіндіктердің бір біздің жолымызды ашпақ. Ал егер өз мүмкіндігіңнің шегінен шыға алмасаң, жетістікке жете алмайтыныңды түсініп, күндік табысыңа қанағат етіп, мойынұсынып жүргін.

Болашаққа көз салған адам өз-өзінен мүмкіндіктер іздей бастайды. Бұл – заңдылық. Ал іздеген адамның әрқашан бір мүддесіне жетері анық. Сондықтан, өз мүмкіндігіңнің шектеуінен шық. Айналаға көз сал! Жетістікке жет!

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button