Озерный, XXғасыр
Орналасқан жері: СҚО, Тайынша ауданының Озерное ауылы
Қысқаша анықтама: Озерный ауылы Қазақстанға Украинаның Батыс ауданынан поляктардың жер аударылуына байланысты 1936 құрылған. Ауылдың мақтанышы Орта Азиямен және барлық Қазақстанның католик сенімінің рухани орталығы болған костелы болып табылады. Германиядан 1991 жылы Әлем Патшайымы – Царицы Мира мүсіні келді. 1998 жылы Волынск шоқысында орналасқан, ауылдан 12 км шақырымда қуғын-сүргін құрбандарының ескерткішіне Крест қойылған. «Қазақстан Голгофасы» Фатима мен Хирасима арасындағы жарты жолда Еуразия ортасында орналасқан. Крест астындағы жазуы төрт тілде жазылған (қазақша, орысша, немісше және полякша): «Құдайға – Шүкір, адамдарға Бейбітшілік, азап шегушілерге – Жаны Жаннатта болсын, Қазақстан халқына Алғыс, Қазақстанға – Гүлдену». 2007 жылы Ченстохова қаласынан ауылда апалы Кармелитики Босые Мейірімді Құдай және Адал Мария Жүрегінің монастыры құрылған. 2014 жылы Озерный ауылында екі 12 символды білдіретін «Двенадцати звезд в Короне Марии – Царицы мирадан» бір «Қазақстан Жұлдызы» мехрапы орнатылған.
Аңыз: 1941 жылдың наурызында ашаршылық уақытысында ауылдың қасында үлкен көл пайда болды. Тереңдігі 5 метр, ұзындығы оның 5 километр болған. Көлде балықтың көп болғаны сонша, ауданның және ауылдың, сонымен қатар республиканың басқада облыстары тұрғындарының азығына жеткен. Озерныйға ұшақтар ұшып келіп балықтарды артқан, әрдайым жүк көліктері келіп, бірер сағаттың ішінде сыйғанынша балық артып отырған. Осылайша халық аман қалған.
Алу көздері: А. Бочкор Қасиетті Мехрап – тайыншалықтар сый// Тайышинские вести.-2014.-11 шілде;
Озеро – JEZIORO(Электронный ресурс):Документальный фильм.-Астана: Казахстан,-1 электрон. Опт. Диск (DVD);
Озерный ауыл тұрғындарының естелігінен «Национальное Светилище Марии-Царицы Мира» буклеты, даңғылы және басқа.