Өзгеріс кезеңіндегі сын мен шын
Нұр-Cұлтанда «QAZFORUM – 2020: қазақ интернетінде онлайн контент жасаушылардың IV форумы» өтті.
Форумға Қазақстанның түкпір-түкпірінен 200-ден астам медиамаман жиналды. «Өзгеріс кезеңіндегі сын мен шын» атты форум қазақтілді БАҚ дамуының жаңа тенденцияларын талқылауды қамтыды. Еліміздің ең әйгілі сарапшылары мен журналистері, блогерлері мен бейне-контентті жасаушылар қазақ тіліндегі контенттің өзекті мәселелерін талқылады.
QAZFORUM-ның бастамашысы және идеологиялық шабыт берушісі – Қазақстан Республикасындағы АҚШ Елшілігі, ұйымдастырушысы – Қазақстан Баспасөз клубы. Биылғы жылы бұл шараны «Air Astana» АҚ, «KaspiBank» АҚ, «BI Holding» АҚ қолдады.
Осы жылдар ішінде QAZFORUM онлайн-медиа редакторларына арналған кішкентай іс-шарадан, қазіргі уақытқа қазақтілді БАҚ туралы, олардың қоғам дамуындағы рөлі, БАҚ-тың өзекті мәселелері мен қазіргі заманның сын-тегеуріндері талқылынатын елдегі ең үлкен пікірталас алаңына айналды. Жыл сайын ұйымдастырушылар қатысушыларды өзекті мәселелер жайында пікір алмасуға шақырып, халықаралық тәжірибеге сүйене отырып, қазақстандық медиа-нарықтың даму келешегін анықтауға тырысады.
Жыл сайынғы форумның маңызды бөлігін АҚШ-тың Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Уильям Х. Мозер өзінің алғы сөзінде атап өтті: «Қазақта «Алға тартқан озады, кейін кеткен тозады» деген мақал бар. QAZFORUM осы көрініске сай – маңызды тенденцияларды ескеруді, жаңа кәсіптік білімнің көкжиектерін зерттеуді, алдағы сынақтар мен мүмкіндіктерге дайын болуды басшылыққа алатынына сенімдімін».
Іс-шара аясында Форум қонақтары National Geographic Qazaqstan көрмесінде фотосуреттермен танысуға мүмкіндік алды, оның мақсаты – көпшілікке Америка Құрама Штаттары мен Қазақстан арасындағы экономикалық, географиялық, тарихи және мәдени ұқсастықтарды жеткізу және ұзақ мерзімді серіктестікті нығайту.
«Жылдан жылға QAZFORUM қатысушыларының саны артып, көбіне-көп аймақтық бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қосылып жатыр. Серіктестер қолдауының арқасында біз аймақтық БАҚ-тың мүмкіндігінше көп болуын қамтамасыз етуге тырысамыз. Қазақ тілді бұқаралық ақпарат құралдарының тақырыбына қызығушылық, қазақ тіліндегі онлайн-контенттің дамуы және БАҚ өкілдерінің кәсіби өсуіне деген қызығушылық іс-шараның өзектілігі мен аудитория арасында сұранысқа ие екендігін білдіреді», – деді Қазақстан Баспасөз клубының атқарушы директоры Сәкен Балбаев.
Достық пен ынтымақтастық ахуалында Форум «Қазақ қоғамына қандай медиа қажет?» атты алғашқы пленарлық талқылаудан басталды. Белгілі қазақстандық саясаттанушылар Айдос Сарым және Самат Нұртаза, Tarlan.kz веб-сайтының бас редакторы Нұрғали Нұртай, Nege.kz веб-сайтының бас редакторы Ерик Рахым, «Айқын» газетінің бас редакторы Нұрмұхамед Байғараев еліміздегі қазақ тілді бұқаралық ақпарат құралдарына ырықтандыру үдерістері мен соңғы саяси өзгерістердің әсерін талқылады. Қатысушылар «Интернет пен жаһандық цифрландыру ғасырында жаңа медиа дәстүрлі БАҚ-ты алмастыра ма?» деген басты сұраққа жауап беруге тырысты.
Форумның екінші сессиясы «Digital дәуіріндегі біздің медиа» барысында Internews Kazakhstan аймақтық медиа-кеңесшісі Асхат Еркімбай, «Отырар» медиахолдингінің директоры Әйгерім Жұмағұлова, «Атамекен Бизнес» Медиа холдингінің бас директоры Қанат Сахария, «ULYS» сандық журналының бас редакторы Ержан Қалымбайұлы бизнес-үлгі құру және медиа-контентті монетизациялау тәжірибелері туралы айтып берді. Сарапшылар бұқаралық ақпарат құралдарының жетістіктеріне әсер ететін факторларға қатысты өз зерттеулерінің нәтижелерін ұсынды.