Жаңалық

Өзгеру – өмір талабы

Қазақстан Республикасы Тұнғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында еліміздің рухани және интелектуалды дамуының негізгі бағыты белгіленген.

Елбасы ұлттық сананың дамуына баса назар аударып, бірнеше міндеттерді айқындап берді.

Шын мәнінде, көз ілеспес шапшандықпен дамып, жедел өзгеріп отырған мына дүбірлі дүниеде, Елбасы Н.Ә. Назарбаев айтқандай, сана-сезіміміз бен дүниетанымымызға әбден сіңісті болып қалған кейбір қағидалардан арылып, рухани жағынан серпілуіміз қажет. Бұл арада рухани жаңғырудың ең басты шарты-ұлттық кодымызды сақтау екенін әрдайым есте ұстап, әлемдік өзгерістерге сай жаңаша ойлау жүйесін қалыптастырғанымыз абзал. Ал ұлттық кодты сақтау дегеніміз-ұлттық болмысымызды нығайтып, оны ұрпақтан-ұрпаққа мұра ету. Ұлттық болмыстың өзі біздің ежелден келе жатқан қазақи салт дәстүрлерімізден, мәдениетімізден, барлық рухани құндылықтарымыздан бастау алады десек, мына өзгермелі дүниеде сол құндылықтарымызды заманға сай одан әрі дамытып, жаңа ғасырдың ұрпағын қалыптастыру деген сөз.

Өздеріңізге мәлім, биыл «Рухани жаңғыру» бағдарламасының бастау алғанына үш жыл толып отыр. Қазіргі таңда «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында 13 арнайы жоба іске асырылуда. Сондай-ақ, бағдарламаны іске асыру үшін, осы жылы 97 тармақтан тұратын жалпыреспубликалық жоспар жасалды. Осыған сәйкес атқарылатын іс-шаралар – тұлғалық даму, бірыңғай ұлтты қалыптастыру және мемлекет пен азаматтық қоғамды дамыту сияқты 3 бағытқа бөлінген. Әлемде орын алған пандемия жағдайына байланысты туындаған өзгерістер қазіргі заманғы сын-тегеуріндерді ескере отырып, қазақстандықтардың тұлғалық дамуы мен кәсіби қабілеттеріне қатысты жүргізіліп жатқан жұмыстарды халықтың дәстүрі мен әдеп-ғұрпын сақтау арқылы күшейту қажеттігін көр-сетті. Осы орайда, «Үнем – қоғам қуаты», «Дәстүр мен ғұрып», «Еңбек – елдің мұраты», «Құқықтық мәдениет» бағытындағы маңызды жаңа арнайы жобалардың қосылуы тұлғалық дамуға бағытталған бағдарламаның жаңа бір деңгейге өтуіне негіз болды. Әрбір арнайы жобаға тұжырымдама дайындалып, онда арнайы жобаны жүзеге асыру нысаны, күтілетін нәтижесі мен жауапты мемлекеттік органдар белгіленді. Жоба негізінде Қазақстан жастары арасында биік талғамды қалыптастыруға, қоғамдық мінез-құлық нормаларын дамытуға, кітап оқу мәдениетін қалыптастыруға арналған біршама іс-шараларды өткізу қолға алынды.

«Прагматизм» ұғымы қазақстандықтарға икемді, қаржылық тұрақты, дені сау, білімді, еңбек нарығында сұранысқа ие болуға, өзінің әлеуетін іске асыруға және құбылмалы әлем жағдайында тез әрекет етуге мүмкіндік беретін бірқатар ұтымды дағдыларды жинақтайды.

Ұтымды дағдыларды дамыту үшін жағдай жасауға мүмкіндік беретін қазақстандықтардың прагматизм дағдыларын дамыту жөніндегі жеке арнайы жобаны іске асыру өзекті болып табылады.

Жобаның мақсаты – ресурстарды орынды тұтынуды және бөлуді көздейтін прагматикалық өмір салтын қазақстандықтардың құндылықтық бағдарлары жүйесіне енгізу.

Осы мақсатқа жету үшін келесі міндеттерді шешу қажет:

1) прагматизм ұғымы туралы түсінікті кеңейту;

2) даму қажеттілігін және өмірге ұтымды көзқарасты тұрақты түсінуді қалыптастыру;

3) мінез-құлық трендтерін қалыптастыру және т.б.

Қазіргі күні көпшілік іс-шаралардың онлайн форматқа өтуіне байланысты, жаңа арнайы жобалар аясындағы жұмыс та жұртшылыққа ғаламтор арқылы жеткізілуде.

«Прагматизм» бойынша «Ruh.qz» танымдық порталының инстраграм әлеуметтік желісінде: «Достойный пример для молодежи»; «Дұрыс тамақтану, спортпен шұғылдану маңызды»;

Азаматтык алаң дискуссиялық клубында «Пандемияға қатысты фейк ақпараттармен қалай күресуге болады?». Джек Маның 4 қағидасы; SoftSkills және Абай тақырыптарында тікелей эфирлер өткізіліп, қатысушылар тарапынан жақсы бағаға ие болды. Сонымен қатар, «100 жаңа оқулық» жобасына енген Стивен Ковидің «Жасампаз жандардың 7 дағдысын» оқуға шақырамыз» атты танымдық шаралары өтті.

Сонымен бірге ұмыт болып бара жатқан, алайда ізгілік пен тәрбие құндылығы жағынан қазіргі заманда да өзекті болып отырған дәстүр мен тарихи жәдігерлерді қайта жандандыруға бағытталған «Дәстүр мен ғұрып» жобасы басталып отыр.

Жоба аясында рухани құндылықтардың ұрпақтан-ұрпаққа ауысып, сабақтасуы мәңгілік ел болудың негізгі өзегі. Сондықтан, ұлттық бірегейлікті сақтау жолында дәстүр мен ғұрпымызды, ұлттық асханамыз бен спортымызды жүйелі жаңғырту керек.

Мысалға, Білім және ғылым министрлігімен барлық деңгейдегі білім беру ұйымдарында «Дәстүр мен ғұрып» арнайы жобасын іске асыру бойынша адамгершілік құндылықтарды насихаттау шаралары тұрақты негізде жүргізіліп келеді. Студент жастар арасында ұлттық дәстүрлерді нығайту үшін жыл сайын ұлттық салт-дәстүрлер туралы, туған өлкенің дәстүрлері, әдет-ғұрпы туралы эсселер байқауы, өлеңдер оқу, театрландырылған қойылымдар, флеш-мобтар, «Ак сүйек», «Алтыбақан» және т.б. ойындар өткізіліп отыр.

Шымкент қаласында ағымдағы жылғы 10 тамызда жаңа арнайы жобалар аясында онлайн форматта бір қатар іс-шаралар өткізілді: тарихи-мәдени нысандарын насихаттау бойынша қаладағы көрікті орындар мен ерекше жерлерге «Фото-аңшылық» атты фото-байқау, жастар арасында «100 жаңа идея» жобаларды жинақтауға арналған «Ұлттық жобалар» байқауы, қазақтың ұлы композиторы, Қазақстан Республикасы Әнұранының авторы Шәмші Қалдаяқовтың 90 жылдығына арналған

«Менің Қазақстаным» эстарадалық әндерді орындаушылардың онлайн-байқауы және т.б.

«Құқықтық мәдениет» жобасының негізгі қағидаттарының бірі – бәсекеге қабілетті ұлтты қалыптастыру жолында құқықтық мәдениеті қалыптасқан қоғам құру.

Осыған байланысты, халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру жөнінде кешенді жұмыс жүргізу қажет.

Жобаның мақсаты Қазақстан халқының құқықтық сауаттылығы деңгейін арттыру, құқықтық мәдениетін қалыптастыру болып табылады.

Осы мақсатқа жету үшін келесі міндеттерді шешу қажет:

1.Құқықтық білім беру негіздерін танымал ету бойынша кең ақпараттық жұмыс жүргізу;

2.Халықтың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған жобаларды іске асыруға ҮЕҰ өкілдерін тарту;

3.Құқықтың түрлі салалары бойынша білім беру және тәжірибелік-бағытталған іс-шаралар кешенін жүргізу және т.б.

ҚР Жоғарғы сотының мәліметі бойынша «Құқықтық мәдениет» арнайы жобасының шеңберінде Жоғарғы Сот өз қызметінің барлық бағыттары бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүйелі түрде жүргізуде.

Сот төрелігінің ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз ету, сондай-ақ сенім деңгейін және халықтың кері байланысын арттыру мақсатында ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында республика соттары бірқатар іс-шаралар өткізді.

Мәселен, 356 брифинг, 468 Ашық есік күні ұйымдастырылды, БАҚ-та 5405 материал, 1427 телесюжет дайындалды, интернет ресурстарына және әлеуметтік желілерге 12 мыңға жуық жарияланым орналастырылды. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Хабар24» телеарнасында «Дело особой важности» мақсатты тележобасы іске асырылуда. Жобада Жоғарғы Сот шығарған сот шешімдері апта сайын хабарланып тұрады.

Жаңа бірегей жобалардың қатарында «Еңбек – елдің мұраты» арнайы жобасы да бар. Оның шеңберінде қазіргі ұрпаққа қажырлы еңбектің арқасында өз кәсіби саласында табысқа жеткен адамдардың қызметі барынша толығырақ насихатталып, жастарға кәсіптік бағдар беру жұмысы жүргізіледі.

Арнайы жобаның міндеттері:

1.«Рухани жаңғыру» бағдарламасының мазмұнын Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамының тұжырымдамалары және идеяларымен толықтыру;

2.Кәсіби бағдар бойынша жұмысты күшейту және үздіксіз білім алуға, үнемі өзін-өзі жетілдіруге шақыру және т.б.

Бұл жобалардың барлығының негізгі идеясы – тұлғаны тәрбиелеу мен қоғамда биік талғам қалыптастыру болып табылады.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button