Портал туралы

«Ruh.kz» ақпараттық-танымдық сайты  2017 жылдың қыркүйек айында құрылып, «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институтына 2020 жылғы 4 мамырда берілді.

Портал жұмысының негізгі мақсаты – идеологиялық құндылықтарды насихаттау.Мультимедиялық платформа «Рухани жаңғыру» бағдарламасының негізгі 6 бағыты аясындағы жобаларды жариялауға бағытталған.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының ақпараттық-имидждік насихаттау жұмыстары Бағдарламаның ағымдағы іс-шаралары мен жобаларын сайтта және әлеуметтік желілердегі сайттың ресми аккаунттарында жариялау арқылы жүзеге асырылады.

Сайт контенті интеллектуалды, мәдени және рухани бағыттағы тақырыптарды қамтитын материалдардан тұрады. Жарияланатын материалдардың негізгі форматы – елдің тарихи-мәдени дамуына ерекше үлес қосқан көрнекті қайраткерлер мақалалар, фоторепортаждар, бейне бағдарламалар мен инфографикалар. Жанрлары: жаңалықтар, мақалалар, сұхбаттар және т.б. Сонымен қатар, сайтта танымдық авторлық мақалалар, жастар, экология, ғылым, технологиялар, волонтерлік және жастардың әлеуетін дамытуға, оларды бәсекеге қабілеттілік пен патриотизмге бағыттайтын материалдар жарияланады.

2020 жылы сайтты жаңарту және оның функцияларын жетілдіру бойынша ауқымды жұмыс жүргізілді, контент ескі нұсқадан сайттың жаңа платформасына толығымен көшірілді, жаңа бөлімдер құрылды. Қазіргі уақытта осы бағыттағы жұмыстар жалғасуда.

Сайт «Рухани жаңғыру» бағдарламасы мазмұнына сәйкес бөлімдерден тұрады: «Туған жер», «Сакралды география», «Қазақстанның қазіргі заманғы мәдениеті», «100 жаңа есім», «100 жаңа оқулық» және «Латын әліпбиіне көшу».

Қазіргі уақытта портал материалдары сайттың Facebоok, Instagram, Telegram әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшаларда таратылуда.

 

 

Яндекс.Метрика
Back to top button