Жаңалық
Редакция таңдауы
Парламентке 4 жеке заң жобасы енгізілмек
ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен ҚР Үкіметінің кезекті отырысында министрлер кабинетінің заң жобалау жұмыстары бойынша 2024 жылға арналған жоспары қаралды, деп хабарлайды Ruh.kz.

Фото: primeminister.kz
Премьер-Министрдің айтуынша, келесі жылы Үкімет 16 заң жобасын әзірлеуді көздеп отыр, олардың сегізі Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыруға бағытталған. Сондай-ақ Парламентке 4 жеке заң жобасын енгізу жоспарланып отыр.
Солардың ішінде Цифрлық кодекстің жобасын ерекше атап өткім келеді. Онда отандық және үздік әлемдік тәжірибе ескеріліп, цифрландыру саласындағы бірыңғай тәсілдер айқындалады, — деді Әлихан Смайылов.
Қорытындылай келе, Премьер-Министр Үкімет Аппаратына жоспардың жобасын Мемлекет басшысының келісуіне енгізуді тапсырды.