Парпиев періште ме?
Реабилитолог, онкорадиолог, «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының IV маусым жеңімпазы, «Жаңа туған нәрестелерді ерте оңалту» жобасының негізін қалаушы Латиф Парпиевпен сұқбат.
Латиф «Ата-аналарға арналған мектеп» жобасының арқасында дәрігерлер мен медициналық қызметкерлерге, еліміздің әртүрлі қалаларындағы ата-аналарға арналған 15-тен астам медициналық дәріс оқып, оңалту шараларын үйретеді.
Осы жобаның арқасында біздің Отанымызда ғана емес, басқа елдерде де 10 000-нан астам балаға түрлі деңгейдегі көмек көрсетілді.
Латиф емдейтін балалар әлсіз болғандықтан, қандай да бір вирусты тез жұқтырады, тез ауырып қалады. Вирустардың тасымалдаушысы болмас үшін, 2016 жылдан бері Латиф Парпиев қоғамдық көлік не такси қызметін пайдаланбай, самокатпен жүреді.