Павлодарда «Бір ғұмырдың бояуы...» атты көрме өтуде
Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер музейінде Нұр-Сұлтан қаласынан келген С. Сейфуллин атындағы әдеби-мемориалдық мұражайының бірегей жәдігерлерінен ұйымдастырылған «Бір ғұмырдың бояуы...» атты көрмесін өткізуде.
Мұражайдың экскурсоводы Камила Үсенбаеваның айтуынша, бұл көрме Шоң биге қатысты болғандықтан, оның медальонын және Сәкен Сейфуллинның жеке заттары әкелінген.
– Медальонды мұражайға 2008 жылы Шоң бидің шөбересі тапсырған, – деді Камила Үсенбаева.
Сәкен Сейфуллин өзі қолданған заттарының бірі – ақ дастархан.
– Сәкен Сейфуллин 1938 жылы қуғын-сүргінге ұшырап, ату жазасына тағайындалды. 1936 жылы ұлы Аян дүниеге келген. Жары Гүлбахрам екеуі қатты қуанып, Аянның бір жасын тойламақ болып дайындалып жүреді. Бірақ өкінішке орай сол күнге жете алмайды. Сәкен Сейфуллинды сол жылы қыркүйектің 27-сінде тұтқындалады – деп экскурсовод ақын өмірінен деректер келтірді.
Көрмеде жалпы 10 экспонат қойылды. Олардың ішінде Сәкен Сейфуллинның анасының да заттары бар. Экспонаттардың ішінде жеке ақынның кісе белбеуі, өзі киген аяқ киімі, бас киімі бар.
Көрмені маусымның 10-ына дейін тамашалауға болады.
Бұқар жырау музейі қор бөлімінің басшысы Мейрамғали Есмұқановтың сөзінше, көрмеде Шоң бидың ұрпақтары Шәкен Айманов, Кәукен Кенжетаев, Қамар Қасымов, Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің де заттары ұсынылған.