Павлодарда дәстүрлі әншілердің қатысуымен «ÁN - AMANAT» концерті өтті
2022 жылдың 14 желтоқсанында Иса Байзақов атындағы Павлодар облыстық филармониясының концерттік залында дәстүрлі әншілердің қатысуымен «ÁN - AMANAT» атты мерекелік концерті өтті.

Бұл бұрын соңды болмаған екі ғасырдың дәстүрлі әншілерін тоғыстырған кеш, филармония басшысы Амангелді Қожановтың 2020 жылғы бастамасы. Ұлттық өнерімізді дәріптеп жүрген әр әнші бұл кеште өз ән қоржынындағы шоқтығы биік әндерді сүйікті көрерменге тарту етті.
Кештің арнайы қонағы республикалық, халықаралық байқаулардың лауреаттары Бекзат Абельдин, ең жас дәстүрлі әнші Даниял Рахметолла және облыстың дарабоз әншілері, республикалық, халықаралық байқаулардың лауреаттары: Сұңғат Көпежанов,Сәуле Мүсипова, Салтанат Қисатова, Тәттімбет Жасқайратұлы, Құнанбай Жалын,Бейбітхан Есім, Ақжол Әбдіреев, Ербақ Құрметжан, Дәуренбек Слямғали, Шунан Жайдар, Әсел Ботаева, Назымгүл Шапағат, Жанерке Маукенова, Жанболат Байсолтан, Бөкен Жігер, Нұрбол Мұхит, Ризахан Кабиев қатысты.
Рухани азығы мол бұл кеште халық әндерімен қатар Естай, Иманжүсіп, Жаяу Мұса, Майра Уәлиқызы, Біржан сал, Ақан сері, Иса Байзақов, Ғазиз, Сакен Сейфуллин, Кенен Әзербаев сынды қазақ ән өнерінің майталмандарының шығармалары орындалды.