Жаңалық

Павлодарда Еріктілер үйі ашылды

Бірінші Еріктілер үйі Павлодар қаласында өткен ғасырдың басында өмір сүрген және жұмыс істеген, жануарлар туралы ертегілер мен әңгімелердің авторы, педагог Әкім Некрасовтың ескі дербес үйінде ашылды.

Еске сала кетейік, 1905 жылы салынған ғимарат 20 жыл бойы бос тұрған. 105 квадрат метрді құрайтын Ә.Некрасовтың үйі демеушілер қаражаты есебінен қалпына келтірілді. Жөндеу жұмыстарына 6 миллион теңге қаражат жұмсалды.

«Бұл үйдің тарихи құндыдылы бар, сондықтан бізге үйдің сәулеттік бейнесін өзгертуге рұқсат берілмеді.  Ішіне еврожөндеу жасалып, қажетті коммуникациялар орнатылды. Біз павлодарлық ұйымдарға демеушілік қолдау көрсету жөнінде жүгінгенде, ешқайсысы бас татқан жоқ», – дейді жастар бастамаларын дамыту орталығының директоры Саят Жүсіпбаев.

Еріктілер қозғалысын дамыту орталығының ашылуымен Павлодар облысы әкімінің орынбасары Мейрам Бегентаев құттықтады.

«Аймақтың дамуына біршама жұмыстар атқарған барлық еріктілерге алғыс айтамын. Енді бірге жиналып мақсаттарын анықтауға арналған өздерінің офистері бар. Айта кетерлігі «Жасыл ел» құрылыс жасағы ғимарат ішін жинастыруға көмектесті. 10 ерікті екі ай ішінде құрылысшыларға тегін көмектесіп қосалқы жұмыстарды істеді», – деді ол.

Қазіргі уақытта 135,6 кв.метрді құрайтын Еріктілер үйінде тоғыз ұйым орнықты. Оның ішінде «VITO», «Клуб добряков. Павлодар» және «Красный полумесяц» ұйымдары бар.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button