Жаңалық Редакция таңдауы

Павлодарда ұлттық салт-дәстүрлер фестивалі өтті

Фото: Достық үйі

Іс-шара барысында қамшы өру, амандасу, ұршық үйіру сынды дәстүрлер дәріптелді, деп хабарлайды Ruh.kz Pavlodarnews-ке сілтеме жасап.

«Достық үйінде» «Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт» ұлттық жобасы аясында облыстық Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен «Отбасы – тәрбие іргетасы» қазақ ұлттық салт-дәстүрлері фестивалі өтті. 

– Іс-шара ұлттық құндылықтарды сақтап, салт-дәстүрлерді насихаттауға бағытталған. Фестиваль барысында қаланың сегіз білім мекемесімен меморандумға қол қоямыз. Бүгін үш білім мекемесі қазақтың ұмытылып бара жатқан дәстүрлерін жаңғырту мақсатында түрлі салт-дәстүрді дәріптемек. Мәселен, Ыбырай Алтынсарин гимназиясы қамшы өру өнері жайлы айтса, сервис және тамақтану колледжі амандасу дәстүрін, Ал №41 мектеп ұршық үйіру техникасы жайлы көрсетті, – дейді «Нұр-ана» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Бақытжамал Максилова.  

Бірлестікпен меморандум жасасқан білім мекемелірінің бірі – Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернаты. Директордың айтуынша, мектеп ішінде «Кәусәр бұлақ» ата-әжелер кеңесі ашылған. 

– Ең бастысы – бала тәрбиесі және саналы отбасы  құндылықтары. Қазіргі таңда балалардың толыққанды ұлттық құнылықтарды бойына сіңіріп өсуі үшін ата-анасы саналы болуы керек. Осыған орай мектебімізде ата-әжелер кеңесі құрылған болатын. Бүгінгі таңда аталмыш кеңестің құрылғанына бір жылдан астам уақыт болып қалды, – дейді гимназия-мектебінің директоры Шоқан Қалдыбаев.  

Айта кету керек, фестиваль барысында білім ордаларының қызметкерлері жиналған қауыға салт-дәстүр жайлы айтып қана қоймай, іс жүзінде де көрсетті.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button