Жаңалық

Павлодарлық оқушылар Ертіс өңірінің қасиетті жерлерін суретке салады

Павлодар облысының балалар көрскемсурет және өнер мектептерінің тәрбиеленушілерімен тізімге енген Ертіс өңірінің 78 қасиетті жерін суретке түсіру жоспарлануда.

Аталмыш жоба ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: қоғамдық сананы жаңғырту» бағдарламалық мақаласын іске асыру шеңберінде 1 ақпанында бастау алады.

Жоба оқушыларға педагогтарымен бірлесіп, облысымыздың қасиетті объектілерін зерделеуге және зерттеуге мүмкіндік береді, балалар сурет өнерінің қосымша туындыларын жасай отырып, мәдени объектілерді шығармашылық түсінікпен сала алады.

Жоба шеңберінде облыстың өңірлеріне көшпелі пленэрлер өткізу жоспарланған, плеэр барысында жас суретшілер Ертіс өңірінің табиғатымен, тарихымен және мәдени ескерткіштерімен танысады. Бұл өңірлерге Сақ қорғандары, «Қоңыр әулие» үңгірі, Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлының кесенесі, Ақбидайық, Кемпіртас петроглифтері, Драверт үңгіріндегі жартасқа салынған суреттер және т.б. жатады, деп хабарлады облыс әкімдігінен.

Жоба үлкен рухани-адамгершілік аспектілерден, туған өлкенің тарихына деген қызығушылықты дамыту, патриоттық, ұлттық белгілерді сақтаудан тұратындығы сөзсіз.

Облыстық көркемсурет мұражайында «Павлодар облысының қасиетті жерлері балалар көзімен» альбомы шығарылып, балалардың суреттер көрмесі ұйымдастырылатын болады.

Ең бастысы, әр оқушы Ертіс-Баян деп аталатын шағын Отанының бірегейлігі мен қайталанбастығын түсініп, сезінуі тиіс.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button