Жаңалық

Павлодарлық түлектер оқу орындарына 46 млн теңгеге көмектесті

Павлодарлық түлектер «Сүйікті Alma mater» акциясы аясында оқу орындарына 46 миллион теңгеге көмектесті. Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінде «Сүйікті Alma mater» акциясын өткізу туралы өткен баспасөз жиынында облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарманың басшысы Наталья Нефедова айтып берді.

«Біз облыстық «Нұр Отан» партиясы филиалының «Мектебіме тағзым» акциясын үлгі ретінда алдық», – дейді Наталья Нефедова.

Біздің акция бір ай бұрын ғана басталды. Бүгінгі таңда коледждер мен Торайғыров атындағы ПМУ-дің 15 түлегі өз білім ордаларына көмектесті.

Мәселен, Павлодар мемлекеттік техникалық колледждің түлегі, бүгінде қаладағы ірі мейрамханалардың бірінде бас әкімші болып істейтін Василий Пирогов студенттерге шеберлік сабақтарын өткізіп, кондитерлік өнімдерді дайындаудан клуб ашты. Ал, Екібастұз инженер-техникалық институнының түлектері студенттердің тәжірибелік сабақтарына арнап бағдаршам, бағыттамалы бұрма, автотіркес сынды арнайы жабдықтарды алып берді.

Сонымен, олар – «Мотор Депо» директоры Махамбетов, «Локомотивтік Депо» басшысы Қабыланов және бас технолог Гамбралин. Спикердің сөзіне сүйенсек, үстіміздегі жылдың басында жастар саясаты жөніндегі басқармасы өңірдегі жастар арасында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша жоспар әзірлеп бекітті. Жоба 80 мыңға жуық жас азаматты қамтитын 60-тас астам шарадан, бес кешенді жоспардан құралды.

«Азаматтық бастамалар картасы» базалық жоба шеңберінде 7-желтоқсанда «Жастар дауысы» атты облыстық жастар форумы өтеді. Мұнда мемлекеттік жастар саясатының алты бағыты бойынша форсайт-сессиялар жүргізу жоспарланған. Нәтижесінде 2018 жылға арналған қызметтің негізгі бағыттары жасалады, өңір жастарымен жұмыс жөнінде мамандарды оқыту ұйымдастырылады. Сонымен қатар, форумда 15 білім беру мекемесінің қатысуымен өткен облыстық «Сүйікті Alma mater» акциясы қорытындыланады.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button