Жаңалық

«Policy Camp» онлайн-оқытуы өтеді

2020 жылдың 12-14 қарашасы аралығында Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен Республикалық «Policy Camp» жас саясаттанушылардың онлайн-мектебі өтеді, – деп хабарлайды Ruh.kz Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне сілтеме жасай отырып.

Жоба аясында саясаттанушылар мен сарапшылардың қатысуымен диалог алаңы, онлайн семинар-тренинг, онлайн-дебат ұйымдастырылады.

 

Жас саясаттанушылар мектебі «Қазақстанның Азаматтық Альянсы» ЗТБ ұйымдастыруымен өтеді.

 

Жобаға қатысуға еліміздің саяси, әлеуметтік, экономикалық және гуманитарлық дамуына қызығушылық білдіретін белсенді жастар шақырылады.

 

Жас саясаттанушылардың онлайн мектебіне қатысу үшін келесі сілтеме арқылы тіркеуден өтуге болады.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button