Жаңалық Редакция таңдауы

Помодоро техникасы: уақытты қалай басқаруға болады

Күніне сегіз сағаттан артық жұмыс істейсіз, бірақ ештеңеге үлгермейсіз. Неге олай екенін ойландыңыз ба? Біз бүгін сіздермен Помодоро техникасының көмегімен уақытты қалай тиімді пайдалану керектігі жайлы бөлісеміз.

Бұл әдісті өткен ғасырдың 80-жылдарында итальяндық студент Франческо Сирило ойлап тапқан. Жас жігіт көп уақытын сабақ оқуға жұмсаған, бірақ уақытының көп бөлігі солай өтіп кететіндіктен басқа жұмыстарына үлгермеген. Содан өзі тәжірибе жасап көреді. Ол қызанақ пішінінде жасалған таймерді орнатып, тек бір нәрсеге ғана қаншалықты зейінін шоғырландыра алатынын тексереді. Бұл тәжірибе Помодоро техникасының негізі болды.

Помодоро техникасы қалай жұмыс істейді?

  • Орындау қажет тапсырмалар тізімін жасаңыз
  • Жұмыс уақытын 25 минутқа бөліп тастаңыз (таймер қойсаңыз болады)

25 минут үздіксіз жұмыс жасап, бар назарыңызды тапсырмаға аударыңыз. Ол үшін телефон немесе басқа алаңдатушыларды шетке қойып, басқаларды алдын-ала ескертіп қою қажет.

  • 5 минут үзіліс жасаңыз

25 минуттан кейін тапсырманы аяқтап үлгермесеңіз, 5 минут үзіліс жасап, жалғастырыңыз немесе басқа тапсырманы бастаңыз. Үзілісті өз жұмыс орныңызда отырмаңыз, бойыңызды жазып жүріңіз, су ішіңіз.

  • Ұзақ үзіліс

4 рет 25 минуттық циклді өткізгеннен кейін, өзіңізге 20 минуттық үзіліс жасауға болады.

Помодоро техникасын неге пайдалану керек?

Помодоро техникасы аз уақытта көп нәрсені жасауға көмектеседі.

Егер сіз уақытпен жұмыс істеуді әдетке айналдырсаңыз, уақытыңыздың қадірін білетін боласыз, жұмысыңыз өнімдірек болады, шаршаудың алдын аласыз.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button