Жаңалық
Редакция таңдауы
Президент Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәліні қабылдады
Мемлекет басшысына министрліктің ақпарат, қоғамдық даму, дін және этносаралық қатынастар, азаматтық сектор, сондай-ақ жастар және отбасы саясатын жүзеге асыру бағытында атқарып жатқан жұмыстары жөнінде баяндалды, деп хабарлады Ақорда.
![](/storage/storage/element/2023/08/10/mainphoto/LWEaS4h9ZzJOYpueqOVCtZycIDGsZtAINciRWD1L.jpg?time=1700823675)
Дархан Қыдырәлі министрлік өз жұмысында отандық телесериалдар өндірісі көлемін ұлғайтып, оларды шетелге таратуға, медиа сауаттылықты арттыруға, сондай-ақ азаматтық қоғаммен өзара қарым-қатынасты жандандыруға айрықша мән беріп отырғанын жеткізді.
Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев Дархан Қыдырәліге жастар саясатына қатысты бағдарламаларды тиімді жүзеге асыруды, діни бірлестіктер мен этносаралық қарым-қатынас бағытын айрықша назарда ұстауды тапсырды.