Жаңалық
Президент бейнеүндеу жасайды
![](/storage/storage/element/2021/11/27/mainphoto/8v5bCYz3tgdx32y8Nykg0UFkf8BCYCkLnCI1bI2n.png?time=1730652647)
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Халықаралық қарыз архитектурасы және өтімділік» атты жиында бейнеүндеу жасайды деп хабарлайды Ruh.kz порталы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәлиге сілтеме жасап.
«Бүгін Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша шамамен 21:30-да Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Халықаралық қарыз архитектурасы және өтімділік» атты жоғары деңгейдегі жиында бейнеүндеу жасайды. Мемлекет және Үкімет басшылары деңгейіндегі онлайн форумды өткізуге БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш, Канада және Ямайканың премьер-министрлері Джастин Трюдо мен Эндрю Холнесс мұрындық болды. Жиынды БҰҰ-ның веб-сайты арқылы тікелей эфирде тамашалауға болады», – деп жазды Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында.