Президент бірқатар ратификациялық заңға қол қойды
Бұл туралы Ruh.kz ҚР Парламенті Мәжілісінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Мәжіліс
Оның біріншісі – Еуразиялық қайта сақтандыру компаниясын құру туралы келісімге қатысты. Компания Еуразиялық Экономикалық Одақ аясында халықаралық қаржы ұйымы ретінде жұмыс істейді және экспорттаушыларды сақтандыру тәуекелдерінің бір бөлігін өз мойнына алады.
Ал қалған екі заң Қазақстан мен Кипр арасындағы экстрадициялау және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсету туралы келісімдерге қатысты. Олардың аясында тараптар өз аумағында жүрген кез келген адамды сұрау салушы мемлекеттің құзыретті органдарында іздеуде болса, ұстап беруге міндеттенеді. Сондай-ақ қылмыстық істер бойынша бір-біріне құқықтық, соның ішінде дәлелдемелерді ұсыну және басқа да қызметтер арқылы көмек көрсетеді.
Мәжіліс құжаттарды қыркүйек айында ратификациялаған болатын.