Жаңалық
Редакция таңдауы
Президент мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекесімен құттықтады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік қызметшілерді бүгінгі мерекемен құттықтады.
![](/storage/storage/element/2022/06/23/mainphoto/U1bg99NY7hH3EWHj8YdhkAH6xDWC0Txd0fzqSgCf.jpg?time=1701100420)
«Мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекесімен құттықтаймын! 2003 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы мемлекеттік қызметші күнін белгілеу туралы шешім қабылдады. Сіздерге Жаңа Қазақстан құру ісінде ерекше міндет жүктеледі. Қызметтегі негізгі қағидаттарыңыз – адалдық, кәсібилік, құзыреттілік, ашықтық болуға тиіс. Мемлекеттік қызметшінің басты мақсаты – азаматтардың әл-ауқатын арттыру. Ел үмітін толық ақтайсыздар деп сенемін», – деп жазды Мемлекет басшысы Twitter-де.