Жаңалық Редакция таңдауы

Президент Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Қазақстан Президенті Республика күніне арналған Мемлекеттік ту көтеру салтанатты рәсіміне қатысты, деп хабарлайды Ruh.kz.

Фото: Ақорда

Шара «Ақорда» резиденциясының алдында өтті.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа Құрмет қарауылының бастығы рапорт берді. Содан кейін Президенттің бұйрығымен Мемлекеттік ту көтеріліп, еліміздің Әнұраны орындалды.

Ұлттық мереке – Республика күнін ресми түрде атап өту осы салтанатты шарадан басталды.

Сондай-ақ еліміздің барлық өңірінде Мемлекеттік ту көтеру рәсімі өтті.

Президент Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button