Жаңалық

Президент ҚХР Мемлекеттік кеңесі Премьерінің орынбасары Дин Сюэсянды қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға ресми сапармен келген Қытай коммунистік партиясы ОК Саяси кеңесі тұрақты комитетінің мүшесі, ҚХР Мемлекеттік кеңесі Премьерінің орынбасары Дин Сюэсянды қабылдады, деп хабарлайды Ruh.kz.

Кездесу барысында қазақ-қытай стратегиялық серіктестігінің жай-күйі және оны дамыту перспективасы, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің бұған дейін қол жеткізген уағдаластықтарын екі ел үкіметтерінің іске асыру барысы талқыланды.

– Қытаймен екіжақты қатынасты мүлде жаңа деңгейге көтеру Қазақстанның маңызды стратегиялық басымдығы саналады. Шын мәнінде, қазақ-қытай байланыстары өзара тиімді мемлекетаралық ықпалдастықтың үлгісін көрсетеді деп ойлаймын. Біз Қытайды өте маңызды стратегиялық серіктес ретінде қарастырамыз және барлық саладағы ынтымақтастықта нақты нәтижеге қол жеткізетінімізге үлкен үміт артамыз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button