Жаңалық

Қайыңдының қызғалдағы бренд бола ала ма

Батыс Қазақстан облысындағы Қайыңды ауылында жыл сайын осы бір әсем гүлдердің 10 шақты түрі өседі. 

Ғалымдар қызғалдақтың отаны Қазақстан деп есептейді. Ғұмыры бірер аптаға ғана созылатын нәзік гүлдер табиғаттың небір қатал сынына төзімді келеді екен. Қайыңды ауылының күнгейіндегі жазықта қызғалдақтың төрт түрі өседі. Соның ішінде «Шренк» аталатын тұқымы аймақтың қатал табиғатына төзімді келеді. Бірер апта ғана өмір сүргенімен, келер жылға жарайтын тұқымын салып үлгереді. Жайқалып өсетін әсем гүлдерді ауыл халқы да ерекше мақтаныш тұтады.

«Табиғаттың көз қуантар кереметтері көп қой?!. Соның бірі осы қызғалдақтар. Бұл гүлдердің ауыл маңында өсіп шығатынына біршама жыл болды. Үйреніп те қалдық. Ауыл тұрғындарына түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Гүлді жұлмау керектігі жайлы. Шамамыз келгенше өзге де қатерлердің алдын алуға тырысып жатырмыз. Қызғалдақ – ауылымыздың сәні!», – дейді Қайыңды ауылдық округінің әкімі Айбол Ғұбашев.

Қызғалдақтың отаны – Нидерланд деген пікір қалыптасқан. Десе де Қайыңдыға Нидерландыдан ешкімнің қызғалдақ әкеліп, екпегені анық.

«Қызғалдақтың гүлінде 300 гүлдің тұқымы отырса керек. Бір гүлді жұлу – 300 гүлді жұлумен тең. Елімізде қызғалдақтың 35 түрі өссе, соның 18-і қызыл кітапқа енген. Сондықтан гүлді жұлғандарға айыппұл салу – заңды құбылыс», – дейді биология және экология кафедрасының аға оқытушысы Жанат Қажымұратова.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button