Жаңалық

Қайырымдылық істері жалғасып жатыр

Шымкенттік полицейлер асыраушысынан айырылған 86 отбасыға азық-түлік себетін үлестірді. 

Тәртіп сақшылары атынан арнайы оразаға қажетті азық-түліктерді (құрма, талқан, тары, құрт, сары май, шырын, нан) үлестірді. Өз кезегінде асыраушысынан айырылған көпбалалы отбасы мүшелері шымкенттік тәртіп сақшыларына алғыс айтып, шынайы ризашылығын білдірді.

«Менің сегіз балам бар. Сіздерге үлкен рақметімді айтқым келеді. Жұмыстарыңызға табыс тілеймін! Рамазан айында жасаған жақсылықтарыңыз өздеріңізге еселеніп қайтсын! Сауапты іс жасап жатырсыздар!», – деді Айгүл Үйсінбаева.

Шымкент қаласы Бас санитарлық дәрігердің №9 Қаулысына сәйкес, азаматтардың көп шоғырлануына жол бермеу мақсатында азық-түлік себеті 86 отбасының үйлеріне жеткізілді. Шара барысында санитарлық талаптар қатаң сақталды.

«Шымкенттік тәртіп сақшыларының жұмыстан тыс уақытта сауапты іске жұмылып, көмекке зәру отбасыларға материалдық көмек беріп жүргенін бірі білсе, бірі білмейтін болар. «Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің» деген. Біз 86 отбасының балаларына ағалық қамқорлық көрсету мақсатында бүгін осы шараны ұйымдастырып отырмыз. Әрі бұл жас мамандарды тәрбиелеудің бір бағыты. Мұндай игі істерді біз ұдайы ұйымдастырамыз. Оны үнемі жария ете бермейміз. Бұл қасиетті Рамазан айында жеке құрамның бірауыздан келісіп, қолға алған шарасының бірі ғана», – деді Қаратау аудандық Полиция басқармасы бастығының орынбасары Серік Төлегенов.

Айта кетелік, аталмыш шара Шымкент қаласы Полиция департаментінің идеалогиялық бағыттағы жоспарына сәйкес, ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ұйымдастырылып отыр. Бұл бағыттағы игі шаралар алдағы уақытта жалғасын таппақ.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button