Жаңалық

Қандастарға қолдау көрсету сұрақтары талқыланды

Шетелдегі және Қазақстанға қоныс аударғысы келетін қандастарға қолдау көрсету сұрақтары талқыланды.

«Отандастар» КеАҚ жанындағы, шетелдегі қандастарды қолдау, Қазақстанға келген оралмандарды бейімдеу және интеграциялау мәселелері талқыланатын диалог алаңы ретінде жұмыстанатын Қоғамдық комиссияның отырысы өтті.

Қоғамдық комиссия мүшелері бірқатар өзекті мәселелерді көтерді.

Атап айтсақ, Ақмола облысының Нұрлы көш (Красный Яр) ауылындағы қандастарға арнап салынған үйлерді жекешелендіру мәселесі көтерілді.

Өңірлерде ауылшаруашылығы мақсатында пайдалануға жарамды тегін жер учаскелері туралы пікір алмасу болды.

Сонымен қатар, қолданыстағы мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде қандастарды солтүстік аймақтарға қоныстандыру бойынша мемлекеттік саясатты жандандыру туралы сұрақтар көтерілді.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button