Қаңтар оқиғасы туралы деректі фильмнің алғашқы көрсетілімі өтті
Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында «Хабар» Агенттігі қасіретті қаңтар оқиғасы туралы «Трагический январь. Как это было» атты деректі фильмнің алғашқы көрсетілімін өткізді.
Кинокөрсетілім бір минут үнсіздікпен басталды. Алғашқы көрсетілім барысында сарапшылар фильм туралы өз пікірлерімен бөлісті.
«Фильм бізге ресми жаңалықтардың негізді екенін аңғартады. Оқиғаның шын мәнінде қалай болғанын көрсетеді. Туынды Алматы және басқа қалаларда орын алған жағдай туралы алғашқы күндері алған ақпараттың растығын дәлелдейді», – деді Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының бас сарапшысы Никита Шаталов.
Деректі фильм оқиғаның басталуы, шарықтау шегі мен аяқталуы туралы баяндайтын деректі кадрлардың үзінділерінен тұрады. Жаңа жылдан кейін елімізде орын алған жағдайды суреттейтін деректі фильмінің сюжеттік желісі оқиғаларының толық хронологиясына негізделген. Фильм қаңтар оқиғасының бір тізбек арқылы байланысқан, бір орталықтан үйлестірілген террористердің әрекеті екенін аңғартады.
Деректі фильмді 26 қаңтар күні сағат 20:30-да «Хабар» телеарнасынан көрерменге жол тартады.