Жаңалық Мақала Редакция таңдауы

Қаныш Сәтбаев туралы 11 дерек

Бүгін Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың туғанына 124 жыл толды.

Шын есімі – Ғабдулғани. Геолог-ғалым, минерология ғылымдарының докторы, профессор, академик.

Қазақ КСР Ғылым академиясын ұйымдастырушы және оның тұңғыш президенті.

Қазақ КСР академиясының академигі, Кеңес Одағының және Қазақстанның металлогения мектебінің негізін қалаушы.

Қазақтан шыққан тұңғыш академик.

Ауыл мектебінің төрт жылдық бағдарламасын, Павлодардағы орыс-қазақ училищесіне мерзімінен бір жыл бұрын бітіріп шығады.

Еңбек жолын ауыл мектебінде бастайды. Курс бастығы – Мәннан Тұрғанбаев, оқу ісінің меңгерушісі өз сыныптасы – Жүсіпбек Аймауытов.

Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында танк бронын құюға қажет марганец тапшылығы туған кезде Сәтбаевтың жетекшілік етуімен өте қысқа мерзімде Жезді марганец кені барланып, іске қосылған

Аштықтан иесіз қалған ауыл балаларына көп көмек көрсеткен.

Ш.Уәлиханов жазып алған «Едіге» жырының мәтініндегі қазақ оқырмандарына түсініксіз араб, татар сөздерінен тазартып, қазақ тілінің жаңа орфографиясының негізінде қайтадан дайындаған.

Қазақ орта мектебінің төменгі және жоғары сынып оқушыларына арналған «Алгебра» оқулығын дайындаған.

1931 жылы басылған А.Затаевичтің «500 қазақ әндері мен күйлері» жинағына Сәтбаев қазақ халқының музыкалық мұрасының інжу-маржаны болып есептелетін 25 әнді өзі орындап, орыс тілінде ғылыми түсініктеме енгізген.

1947 жылы Англияға сапар жасаған кеңес парламентарийінің ішіндегі қазақ ғалымына Ұлыбританияның экс премьер-министрі У.Черчилль қалжыңдап «Барлық қазақтар сіз сияқты сұңғақ, батыр тұлғалы ма?» деп сұрапты. Сонда академик Қ.Сәтбаев «О, жоқ, Черчилль мырза, қазақтардың ішіндегі ең кішісі мен, менің халқым менен де биік» деп жауап беріпті.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button