Жаңалық Редакция таңдауы

Теміртау мұражайында Қарағандының 90 жылдығына арналған көрме өтеді

Фото: Қарағанды облысы әкімдігі

7 ақпанда Теміртау қалалық тарихи-өлкетану мұражайында Қарағандының 90 жылдығына орайластырылған "Белгілі туралы белгісіз" көрмесі ашылады, деп хабарлайды Ruh.kz.

Қарағанды мен Теміртаудың өзара байланыс фактісі бұрыннан белгілі. Теміртаудың Қазақстанның қара металлургия орталығы ретінде өмір сүруі-Қарағанды көмір бассейнін әзірлеу мен дамытудың нәтижесі. 

Бірақ Қарағанды мен Теміртауды көптеген маңызды оқиғалардан бөлек өнеркәсіп саласымен ғана байланысты емес, мәдениет, медицина, спорт тарихы туралы көпшілікке беймәлім оқиғалар арқылы сабақтасатыны жайлы екінің бірі ойлана бермейді. Мысалы, Қарағанды академиялық музыкалық комедия театрының тарихы Теміртаудан басталатынын, ҚМК-ның Теміртаудағы медико-санитарлық бөлімі Қарағанды медициналық университетінің студенттерді даярлаудағы негізгі базасы болғанын, сондай-ақ көптеген теміртаулықтар Қарағандының ғылымы мен мәдениетінің қалыптасуына ат салысқанын көпшілік біле бермейді, – дейді мұражай қызметкерлері.

Көрмеде Қарағанды облыстық мұрағатының қорларынан алынған тарихи суреттермен және Теміртау мұражайы қорларынан алынған экспонаттармен толықтырылған көпшілікке беймәлім фактілер ұсынылады.

Экспозициямен бір ай көлемінде танысуға болады.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button