Жаңалық

Қарағанды облысында Таныбай батырға ескерткіш қойылды

Таныбай Бекназарұлының құрметіне ескерткішті батырдың ұрпақтары орнатты деп хабарлайды Ruh.kz порталы Қарағанды облысы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.  

Қарағанды облысындағы Шет ауданының Мойынты кентінде Таныбай батырға ескерткіш ашылды. Тұғырмен бірге есептегенде мүсіннің салмағы бір тоннадан асады.

Батырдың ұрпақтары Мойынты кентінің жас тұрғындары туған өлкесінің тарихын дәріптеуі үшін бабасына ескерткіш орнатуды жөн көрген. Ескерткіш маңында батырдың туыстары алаң құрды. Мұнда болашақта гүлдер мен ағаштар өсетін болады.

«Мен – батырдың ұрпағымын. Бабамды мақтан тұтамын. Жақын арада ол туралы кітап шығады. Қазір оны баспаға дайындап жатырмыз», – деді Амандық Серіков салтанатты шара аясында.

Еске салайық, Таныбай Бекназарұлы (1670-1755) – қазақ халқының тәуелсіздігі үшін күрескен Орта Жүздің Арғын руының батыры. Жоңғарларға қарсы шайқастардың бірінде ол жаудың бас батыры – Қапалды да жеңген.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button