Қарағандыда көпбалалы отбасыларды қолдау орталығы ашылды
«Talbesyk көпбалалы аналар Одағы» қоғамдық бірлестігі кеншілер қаласында әлеуметтік тапсырыс негізінде ерекше жобаны жүзеге асырауда. Ол көпбалалы аналарды қолдауға бағытталған деп хабарлайды Ruh.kz порталы Қарағанды облысы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
«Шаңырақ» орталығы көп балалы отбасыларға заңгерлік, психологиялық және әлеуметтік көмек түрінде, оның ішінде денсаулық сақтау, білім беру, жұмысқа орналастыру, кәсіпкерлік, әлеуметтік көмек көрсету және тұрғын үй бағдарламаларын іске асыру мәселелері бойынша тегін консультациялық қызметтер көрсететін болады. Атап айтқанда, орталықта кәсіпкерлік бастамаларды қолдайды, бизнес-жоспарларды әзірлеу мен сүйемелдеуге қолдау көрсетеді, өз өндірісінің заттарын сату және т. б. бойынша IT саласындағы маркетологияны үйретеді.
«Жұмысқа 10 көп балалы ананы жалдаймыз, олардың арасында заңгерлер, психологтар, әлеуметтанушылар және консультанттар бар. Біздің орталық тегін кеңестер беріп, мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіріп, қайырымдылық көмек көрсетеді. Бұл мемлекеттік тапсырыс бойынша жүзеге асырылатын үш жылдық жоба. Қарағандыда жеті мыңнан астам көпбалалы отбасы, «Алтын алқа» және «Күміс алқа» иегерлері болып табылатын екі мың ана бар. Біз тек кеңес беріп қана қоймай, проблеманың түпкілікті себептерін талдаймыз, заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлейміз және оларды Үкіметке ұсынамыз», – деді көпбалалы отбасыларды қолдау орталығының директоры Ләззат Қожахметова.
Сондай-ақ, оның айтуынша, көпбалалы отбасыларға қиын өмірлік жағдайлардан шығу үшін кешенді көмек көрсетіледі.
Аналар кеңес алып жатқанда, балаларды арнайы ойын бөлмесінде қалдыруға болады.
«Шаңырақ» көп балалы отбасыларды қолдау орталығы Мұқанов көшесі, 3 мекенжайы бойынша орналасқан.