Жаңалық

Қарағандыда зейнеткерлер клубы ашылды

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында М.О.Әуезов атындағы Орталық қалалық кітапханасының өлкетану бөлімінің «Туған жерім-тұғырым» жобасын жүзеге асыру үшін зейнеткерлерге арналған «Замандас» клубы ашылды.

Клуб кітапхананың қарт оқырмандарына қоғамға пайдалы болуға, өз іс-тәжірибелерімен бөлісуге, білімдері мен қызығушылықтарын көрсетіп, жаңа достар табуға мүмкіндік беру мақсатында ашылды. Шараға зейнеткер оқырмандар шақырылды. Шара барысында модераторлар өлкетану бөлімінің меңгерушісі Г.Р. Жылтыбаева мен №52 ЖББОМ кітапханашысы Л.А. Болошенко қатысушыларды клуб жұмысының мақсат-міндеттерімен таныстырды.

Кеште келесі шығармашылық жоспарлар белгіленді: Жыл бойы клуб зейнеткерлердің әлеуметтік-тұрмыстық мәселелерін шеше отырып, қаланың мәдени өміріне қатысу, шығармашылық орта құру, зейнеткерлердің бос уақытын тиімді өткізуін ұйымдастыру. «Замандас» клубы жыл бойы Қарағанды қаласында тұратын өнегелі адамдармен кездесулер, әйгілі адамдардың мерейтойларына арналған кештер өткізуді жоспарлайды. Клубтың отырысы айына бір рет өткізіледі. Клубтың жетекшілері Л.Е.Зазуля, Х.А.Карикбаев болып тағайындалды. Кеш қорытындысында Қарағанды қаласының күніне орай «Кеше. Бүгін. Ертең.» тақырыбында әңгіме-сұхбат жүргізілді.

Клуб отырысына «Көз көргендер», «Поющие сердца» вокалды топтары және «Қарымды қаламгер» клубының жас мүшелері қатысты. Қатысушылардың назарына «Кеше. Бүгін. Ертең.» атты бейнеролик ұсынылды.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button