Жаңалық

Қарағандыда жастарға арналған Community орталығы ашылды

Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Республика күні қарсаңында Қарағандыда жастарға арналған Community орталығы ашылды. Бастама мемлекеттік жастар саясатының 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы шеңберінде іске асырылды, деп хабарлайды Ruh.kz.

«Біздің басты міндетіміз – жақсы әрі тиімді әлеуметтік-экономикалық жастар ортасын қалыптастыру», – деп атап өтті ҚР МАМ Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Қайрат Қамбаров.

Орталықтан жастар тегін кәсіби психологиялық және құқықтық көмек, қаржылық мәселелер бойынша кеңес ала алады.

Орталық жұмысы жастардың шығармашылық және креативті бастамаларын қолдауға бағытталған. Онда 7 тақырыптық аймақ бар. Атап айтсақ, дыбыс жазу студиясы, дронды басқаруды үйрету студиясы, подкаст студиясы және т. б.

Бүгінде мұндай Community орталықтары Алматы мен Қызылордада да жұмыс істейді.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button