Жаңалық

Қарағандылық әскери қызметшілер Қасым Аманжоловты еске алды

Кеншілер қаласының 44803 әскери бөлімінде онлайн форматта «Ұлы даланың ұлы ақыны – Қасым Аманжолов» деген атаумен шығармашылық кеш өтті деп хабарлайды Ruh.kz порталы Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қасым Аманжоловтың 110 жылдығына арналған әдеби кешке Мұхтар Әуезов атындағы орталық қалалық кітапхана мұрынды болды.

Кітапхана қызметкерлері әскери қызметшілерге ақын Қасым Аманжоловтың өмірі мен шығармашылығы туралы баяндады. Шара аясында, сондай-ақ, ақынның «Дариға, сол қыз», «Өзім туралы» сияқты өлеңдеріне жазылған танымал әндердің шығу тарихы туралы әңгіме өрбіді. Мұнымен қоса, ақын кітаптарының көрмесі ұйымдастырылды.

Мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер өз кезегінде Қасым Аманжоловтың өлеңдерін оқып, оның шығармаларына негізделген әндерді шырқады.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button