Жаңалық

Қарағандылық оқушылар Халықаралық Менделеев олимпиадасының жүлдегерлері атанды

20–26 сәуір аралығында оқушылар арасында химия пәнінен 55-ші жыл сайынғы Халықаралық Менделеев онлайн-олимпиадасы өтті. Оған әлемнің 28 елінен 145 оқушы қатысты. Қарағандылық үш оқушы күміс және қола медальдарға ие болды деп хабарлайды Ruh.kz порталы Қарағанды облысы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. 

Халықаралық Менделеев онлайн-олимпиадасы аясындағы зияткерлік жарыстар эксперименттік және теориялық сияқты екі кезеңнен тұрды.

Қазақстанның атынан Ұлттық Олимпиада құрама командасы қатысты. 10 адамнан тұратын құраманың қатарында үш қарағандылық бар. Олар: №1 лицейдің «Білім-инновация» 10-сынып оқушылары Мадияр Қасымалы мен Асанәлі Сәлем және НЗМ 10-сынып оқушысы Әмір Әлмұханов. Олимпиада қорытындысы бойынша Мадияр күміс, ал Асанәлі мен Әмір қола медальді иеленді.

Қарағанды облысының Білім басқармасынан хабарлағандай, Мадияр мен Асанәліні оқытушы Абылай Саматов дайындады. Жыл сайын оның оқушылары жүлделі орындарға ие болады.

Ал Әмір Әлмұханов – 2020, 2021 жылдардағы Назарбаев Зияткерлік мектептерінің желілік олимпиадаларының жүлдегері. Менделеев олимпиадасына алғаш рет қатысқан.

«Олимпиада тапсырмалары лайықты деңгейде өтті. Оларды шешу маған өте қызықты болды. Олимпиада онлайн режимінде өтсе де, әсерлеріміз аз болмады. Келесі жылы ол дәстүрлі форматта болады деп үміттенемін және мен оған тағы да қатысамын», – деді Әмір Әлмұханов.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button