Жаңалық
Редакция таңдауы
Қаратау арқарларының саны 15%-ға өсті

Фото: Экология және табиғи ресурстар министрлігі
Биыл бұл тұяқтылар санағы арқарлардың ерте күйлеуіне байланысты қыркүйек айының 25-29 аралығында жүргізілді, деп хабарлайды Ruh.kz.
Экология және табиғи ресурстар министрлігі баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, оған «Охотзоопром «ӨБ» РМҚК және «Қаратау» қорығының қызметкерлері қатысқан.
2023 жылғы күзгі санақ нәтижесі бойынша қорық эндемигінің саны 1309 басты құрады, көрсеткіш былтырғымен салыстырғанда 15%-ға көп.
Естеріңізге сала кетейік, Қаратау арқары еліміздің Қызыл кітабына енгізілген.