Жаңалық

Қаратау қорығының құрылғанына 17 жыл

Қаратау мемлекеттік табиғи қорығы — Түркістан облысы аумағындағы Қаратау жотасының орталық бөлігінде, Кентау қаласынан 17 км жерде орналасқан мемлекеттік қорық.

Онда өсетін сирек кездесетін және эндемик түрлерінің саны жағынан Қазақстанда бірінші орында. Қаратау қорығы 2004 жылы құрылған, аумағы — 34,3 мың га.
Флорасы:
Тауда қаратау жусаны басым. Сондай-ақ тікенекті шөптер және шала бұталар мен бұташықтардан кемпіршөп, сетен, көбенқұйрық, Регель тарбақайы, Қаратау маралтамыры, Қаратау жыланбасы, Қаратау кекіресі, Қаратау қауы, Қаратау томағашөбі, Грейг қызғалдағы секілді өсімдіктер эндемик болып саналады. Ал Қаратау қорығының Берікқара шатқалында ғана өсетін Берікқара терегі – өте сирек кездесетін эндемик, реликт түр болғандықтан қорғауға алынып, Халықаралық табиғатты және табиғи қорларды қорғау одағының Қызыл кітабына енгізілген. Жапырағы түсетін бұталар тоғайы аз аумақты алып жатыр, олар беткейдің ойысты жерлерінде және шатқал табанына бейімделген. Өзен жағалауын бойлай созылған тоғайларда түркістан доланасы, тұт, Сиверс алмасы, Семенов үйеңкісі кездеседі. Қорықта өсетін 1600 өсімдіктүрінің 62-сі эндемик, 52-сі Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген.
Фаунасы:
Қорықта құстардың 118 түрі бар. Оның ішінде Қызыл кітапқа енгізілген жыртқыш құстардан ителгі, бүркіт, жұртшы, бақалтақ қыран, жыланшы мен сақалтайлар бар.
Қосмекенділерден сарыбауыр қарашұбар жылан мекендейді. Қосмекенділерден барлық жерлерде жасыл құрбақа басым, көлбақа сирек кездеседі. Сонымен қатар «Қызыл кітапқа» енгізілген сүтқоректілердің 3 түрі (қаратау арқары, үнді жайрасы, тас сусары) осында қорғалады.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button